Қызылорда қалалық орталық «Нұр» мешітінде ақсақалдар арасында ІІ Республикалық бата беру байқауына іріктеу бойынша «Батамен ел көгерер» атты облыстық сайыс өтті.
Жарысқа Сыр өңірінің бас имамы Дастан Жанасұлы арнайы қатысып, қала және аудан мешіттерінің намысын қорғауға келген қарияларға сәттілік тіледі.
Қоғам қайраткері, ақын Серік Ыдырысов, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Нұрсұлтан Мықтыбай қазылық етіп, үміткерлерді іріктеу барысында қатысушылардың сөз саптауы мен сұрақтарға толық жауап беруіне, киім кию үлгісіне мән берді.
Нәтижесінде:
І-орын: Берікбай Айназаров, Жалағаш ауданы (100 000 тг)
ІІ-орын: Қадырбек Бекет, Қазалы ауданы (70 000 тг)
ІІІ-орын: Оразбай Жакешов, Қызылорда қаласы (50 000 тг)
ІІІ-орын: Серіәлихан Ахметұлы, Қызылорда қаласы (50 000 тг) жеңімпаз атанып, бәйге жүлдесін қанжығаларына байласа, өзге қатысушылар да ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
Айта кетейік, аталмыш байқау Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығы аясында ұйымдастырылуда. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, аймақ мешіттерінде дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау мақсатында түрлі форматтағы шаралар өтізіліп келеді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!