Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Басқарма басшысы медиаторларды құттықтады

05.08.2022, 17:00 565

Құрметті кәсіби және қоғамдық медиаторлар!

Медиаторлардың мәртебесін өсіріп, медиация саласының қоғамдағы орнын айшықтап берген «Медиация күні» құтты болсын!

Дауларды шешудің балама жүйесін жылдам дамыту, заманауи құқықтық инфрақұрылымда түрлі келісу рәсімдерін қолдану – азаматтық қоғамның әділдігін күшейтуге мүмкіндік береді. Ел арасындағы түрлі келіспеушілік пен дау-жанжалды шешуде белсенді рөл атқарып жүрген және бітімге келудің ең жеңіл бағытын қос тараптың да пайдасына шешуді мақсат еткен медиаторларды бүгінгі медиация күнімен құттықтай келе, еңбектеріңіз еленіп, татулықты сақтаудың жарқын жолында жемісті жұмыс атқаруға тілектеспін.

Баршаңызға зор денсаулық, қоғам тұрақтылығын сақтау жолындағы қызметтеріңізге жеміс пен мол табыс тілеймін! Мереке құтты болсын!

Мира Қазбекова,

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: