Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Баспасөз хатшыларына семинар-тренинг өткізілді

15.07.2022, 9:40 616

HALYQLINE.KZ Қоғам алдындағы жауапкершілікті қамтамасыз етуде, бұқара мен билік арасындағы түйткілді мәселелердің шешімін табуда бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын қызметі зор. Әлеуметтік сипат алған әр түйінді зерделеп, зерттеп, қалың көпшілікке ұсынуда журналистер мен жауапты мекеме өкілдерінің арасындағы байланыс тұрақтылығы назарда болуы шарт. Осы ретте Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы мен Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен «Ақпараттық ағынға ден қою» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті. Оған облыстық басқармалар мен аудандық әкімдіктердің баспасөз хатшылары онлайн және офлайн форматта түгел қатысты.

Бұқаралық ақпарат құралдары үшін ақпараттың шынайылығы, мазмұны, сауаттылығы һәм жеделдігі зор жауапкершілікті талап етеді. Кей жағдайда ақпарат ұсынушы мекеме тарапынан кемшіліктер болып, соңы көптеген теріс пікір қалыптасуына ұласады. Осындай кері түсінік қалыптаспас үшін ақпарат көзін даярлайтын баспасөз хатшыларының қызметі ерекше. Семинар-тренинг барысында «Qyzylorda» телеарнасының бас редакторы Айнұр Тұңғышбаева, қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы Азиз Батырбеков семинарға қатысушыларға ақпарат берудің формасы және БАҚ өкілдерінің ақпаратқа қызығушылығын арттырудың тың тәсілдерін ұсынды.

Сондай-ақ, жиынға қатысушы баспасөз хатшылары өз кезегінде ақпарат өкілдерімен алдағы уақытта тығыз байланыс орнату мақсатында бірқатар шаралар жасалатынын жеткізді. Және аймақтық, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына салалық тақырыптарды қамти отырып, сюжет, мақала даярлау жөніндегі ұсыныстарын айтты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: