Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы – Еуразиядағы қоңыржай белдеудің солтүстік (дала) және орта нағыз шөлдерінің экожүйелерін қорғайтын бірден-бір және жаһандық масштабтағы экологиялық апат аймағында орналасқан әлемдегі жалғыз қорық. «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бекіткен 2024 жылға арналған жылдық жоспар шеңберінде жүргізді.
«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының 2024-2028 жылдарға арналған Басқару жоспары» жобасы әзірленіп, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 27.02.2024 жылғы №27-4/39-НҚ бұйрығына сәйкес 2024-2028 жылдарға арналған «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Басқару жоспары» бекітілді.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2024 жылғы 20 наурыздағы №27-4/61-НҚ бұйрығы негізінде өрт қауіпті кезеңге орай Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының Барсакелмес, Қасқақұлан, Дельта учаскелерінің аумағында күшейтілген тәуліктік кезекшіліктер ұйымдастырылды. Кезекшілік кестесіне сәйкес 10 күн сайын 3 қызметкерлерден 1 автокөлігімен құралған топ күзету, бақылау-шолу жұмыстарын тәулік бойы тұрақты атқаруда.
2024 жылдың 09 сәуірінде Арал ауданы №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімімен бірлескен өрт қауіпі бар маусымына байланысты өрт тактикалық жаттығулары және 2024 жылдың 15 мамырында Арал аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, Арал ауданы №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ-і, Арал ауданының әкімдігі, Арал аудандық ішкі істер бөлімдерімен біріккен өрт тактикалық жаттығулары жүргізілді.
2024 жылдың қорық аумағына минералды жолақ жасау жұмыстары сәуір айында жүргізілді. Барлығы 70 шақырым минералды жолақ жүргізіліп, шілде айында 70 шақырым минералды жолақтарға күтім жасау жұмыстары жасалды. 17-20 қыркүйек күндері минералды жолақтарға 2 мәрте күтім жұмыстары жасалынды.
Қорық аумағындағы жақын орналасқан елді-мекен, ауылдық округтер тұрғындарына және «Әулие Төбе», «Ж.Аймаханов» шаруа қожалықтары қызметкерлеріне жыл басынан 1050 дана өрт қауіпсіздігі туралы түсініктеме, үнпарақтар таратылды.
Қорық аумағында бақылау – шолу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. 2024 жылдың басынан осы уақыт аралығына дейін қорық аумағы мен қорық маңайына қорық режимін сақтау және басқа да заң бұзушылықтардың алдын алу үшін 167 мәрте рейд–тексеру жұмыстары ұйымдастырылып, нәтижесінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзу фактілері анықталмады. Қаскерлікпен күресу мақсатында демеушілікпен 3 планшет алынып пайдаланылуға берілуге әзірленіп жатыр.
Ғылыми-жұмыстар бойынша
- «Табиғат жылнамасы» бағдарламасы бойынша Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының табиғи кешеніндегі құбылыстар мен процестерді бақылау және оларды зерттеу.
2. Барсакелмес қорығы аумағында құмды-шаңды дауылдар мен құм тасымалын бақылау.
3. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының қосмекенділері мен бауырымен жорғалаушылары: қазіргі таңғы құбылмалы климаттық жағдайлары, экологиясы, мониторингі.
4. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығындағы Қызыл кітапқа енгізілген құстар мониторингі.
5. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығындағы құландардың популяциясы және олардың жай-күйі.
Осы тақырыптар бойынша қорық аумағында бақылау-зерттеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Сүтқоректілер фаунасы едәуір көп түрлі – 28 түр. Оның үшеуі – құлан, қарақұйрық, шағыл мысығы, Қызыл кітапқа енгізілген. Шөл түрлері: қарсақ, құм қояны, қосаяқ, зорман, сұр атжалман, қалқанқұлақты кірпі көп кездеседі. Сонымен қатар, қасқыр мен түлкі көп таралған. Сирек жануарлардың санының өсуіне және сақталуына қорық тәртібі қолайлы жағдай туғызады. 2024 жылғы санақ мәліметтері бойынша түркімен құландар саны – 861, қарақұйрық – 298, шағыл мысығы – 5, ақбөкен – 11, құм балпағы – 18000.
«Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің бас директорының 21.10.2024 жылғы №03-01/135 – НҚ санды бұйрығына сәйкес 2024 жылдың 21-24 қазан күндері Барсакелмес қорығының аумағындағы жануарлар дүниесіне және құстарға жоспарға сәкейс күзгі санақ жұмыстары жүргізілді.
Ғылыми-техникалық кеңес қорық директорының ақыл-кеңес өткізетін құрамы болып табылады. ҒТК жұмысы Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының «Ғылыми-техникалық кеңесінің Ережесіне» сәйкес жүргізіледі. Қорықтың ғылыми-техникалық Кеңес құрамына 13 адам кіреді Негізгі мәселелер ҒТК отырыстарында қаралады, бұл – ғылыми жоспарлы құжаттар, бағдарламалар, ҒЗЖ есептері және басқа ғылыми техникалық мәселелер. Жыл басынан бастап ғылыми-техникалық кеңестің 6 отырысы өткізілді.
Экологиялық ағарту жұмыстары
ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Парктер шеруі» – 2024 республикалық табиғат қорғау акциясын өткізу туралы 20.03.2024 жылғы №27-2-17/646-И санды қатынасына сәйкес 2024 жылдың наурыз-маусым аралығында «Парктер шеруі»-2024 табиғат қорғау акциясы ұйымдастырылды.
26 наурыз – Арал теңізі күніне жәнеде республикалық «Парктер шеруі» – 2024 табиғат қорғау акциясы аясында «Аралым – айдын шалқарым», «Таза табиғат», «Таза Қазақстан», «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні», «Қызғалдақ фестивалі» және т.б. іс-шаралар жүргізілді. «Парктер шеруі» – 2024 акциясы Арал ауданының – 25 оқу орны және 20 мекемелерін қамтыды.
Биологиялық әртүрлілікті сақтау жөніндегі экологиялық-ағартушылық жұмыстар ғаламтор, әлеуметтік желілер, БАҚ арқылы күшейтілді.
Акция барысында жалпы көгалдандыру шарасына 700 көшет және Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне 100 тал көшеттері отырғызылды. Жүргізілген барлық іс-шараларға жалпы 4680-ге жуық адам қатысты.
Республикалық «Парктер шеруі – 2024» табиғат қорғау акциясының нәтижесі бойынша Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы ІІ орын алды.
2024 жылы «Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорық» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері республикалық, облыстық, аудандық бұқаралық құралдарына барлығы 68 мақала әзірленді. Оның ішінде, күзет бөлімінің қызметкерлері 8 мақала, ғылыми, ақпарат, мониторинг және экологиялық ағарту бөлімі 60 мақала жариялаған. Сонымен қатар, қорық туралы және өрт қауіпті кезеңге қатысты 2500 дана плакат-буклеттер және үнпарақтар шығарылып таратылды. Жыл басынан 70 рет түрлі-тақырыптарда дәріс-сабақтар жүргізілді, мекеменің әлеуметтік желілерінде 125 пост және 107 бейнебаян жарияланды,
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында экологиялық туризмді дамыту мақсатында «Бутаков мүйісі» және «Құландар ізімен» экологиялық маршруттары жасалынған.
Хамит Қаниев,
Барсакелмес мемлекеттік табиғи
қорығының бас директоры
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!