Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Барлық кінәні Назарбаевтың мойнына іле беруге болмайды» – Жақсылық Досқалиев

29.01.2024, 11:15 507

HALYQLINE.KZ

Екі рет ҚР Денсаулық сақтау министрі болған, медицина ғылымының докторы, профессор, академик Жақсылық Досқалиев «Adal adam» youtube-арнасына берген сұхбатында кезінде Назарбаевты мақтағандар кейін теріс айналып, жамандауға көшкеніне қынжылды.

«Нұрсұлтан Назарбаев 30 жыл президент болды, тағында отырды. Жақсы да, жаман да жағы бар. Ал қазір «ақша ұрлады» дейтіндерге айтарым, кезінде Назарбаевтың жанында ойнап-күліп, мақтап-мадақтап жүрген адамдар қазір керісінше, жамандап жүр. Оларды зиялы деп атауға болмайды, мен атын тұстап, кім екенін айтқым келмейді. Ш.Құдайбердіұлының сөзін айта өтейін:

«Адалға орын емес қазақ іші,

Тәтті ғұмыр сүре алмас таза кісі,

Өзін асырар қазақтың өнері жоқ,

Бірін-бірі талайды бар жұмысы». Сондықтан бір-бірімізді таламайық. Елімізде басқа да мәселе жетіп артылады, соны талқылайық. Бір нәрсені қазбалай беру дұрыс емес», – деді ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: