Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

БАҚ: Болат Назарбаев қайтыс болды

13.11.2023, 9:50 246

HALYQLINE.KZ

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев қайтыс болды, деп жазады ratel.kz

Болат Назарбаев 13 қазанда сағат 9.51-де 70 жасында көз жұмды.

«Сағат 9:28-де (Болат Назарбаевтың) жүрегі тоқтады. 23 минутта реанимация жүргізілді. Алайда одан нәтиже болмады», – деп жазылған хабарламада.

Болат Назарбаев Шамалғандағы ауылшаруашылық техникумын механик мамандығы бойынша және Қарағандыдағы Заң институтында заңгер мамандығына оқыған. «Шамалған» кеңшарында механизатор, директордың орынбасары қызметтерін атқарып, ұсақ мал терісін сату саласында кәсіпкерлік қызметті жүргізді, «Іңкәр Агро» ЖШС вице-президенті болды.

– 2016 жылы Назарбаев «Салиқалы ұрпақ» қайырымдылық ұйымын құрды.

– 2022 жылдың шілдесінде БАҚ Болат Назарбаевқа пневмония, тромбоз және қант диабетімен асқынған көмей обыры диагнозы қойылғанын жазды.

4 қарашада БАҚ Болат Назарбаевтың ауыр халі туралы тағы да жазды. Тұңғыш президенттің ағасы екінші рет инфарктпен ауруханаға түскені, жағдайы ауыр әрі тұрақсыз екені айтылды.

Соңғы екі жылда Болат Назарбаевтың есімі түрлі активтерді жекешелендіру нәтижелері қаралған көптеген сот істерінде аталды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: