Баланың бал шағы – ол күнделікті қарбалыстардан тыным алып, отбасымен, достарымен бірге уақытты қызық өткізіп, әртүрлі оқиғаларды бастан кешу. Жеткіншек әрбір тәжірибесінде болған оқиғаларға байланысты өмірде тұлға болып қалыптасады және құндылықтарды ұғынады.
Балалардың жазғы демалысы қалай өтуі қажет?
Ең алдымен ,біз адамның ақпаратты тез қабылдай отыра, оны есте сақтап, алайда ұмыт болуы мүмкіндігінің жоғары екенін ұғынумыз керек. Яғни, баланың миына тыныштық қажет сәт туғанда, оған 9 ай оқып келген сабақты жалғастыру туралы ойдың өзі ауыр әсер ететінін білген дұрыс. Оның орнына кітап оқып, бір уақыт әртүрлі курстарға қатысып, хобби ретінде спортпен шұғылдану жеткіншекке психологиялық тұрғыда жақсы әсер етеді.
Балаға демалыс не үшін керек?
Оларда энергия, күш-қуат тасып тұрған жоқпа?» деп ойласаңыз, қателесесіз. Балалар жыл бойы білім алып, тоқтаусыз қимыл үстінде болады, яғни, тынығуға аз уақыт бөледі. Ұзақ уақыт күтетін демалыс – жаз мезгілі. Осы сәт таяған сайын, оқушылардың да тағаты таусылып, жазға жоспар құрады. Бірі ата-анасымен демалысқа кетсе, енді біріне ата-анасы сыйлық етіп, жазғы лагерлерге жолдама жібереді.
Сабақ деп жүріп сергелдеңге түскен бүлдіршіндер үшін тынығу лагері – таптырмас орын. Қазіргі күнде Қазақстанның түкпір-түкпірінде балдырғандарға арналған сауықтыру демалыс орындары үздіксіз қызмет атқарады. Жыл сайын мыңдаған бүлдіршін уақыттарын қызықты әрі тиімді етіп өткізу үшін оқушыларға арналған лагерлер сапалы демалысты қамтамасыз етіп келеді. Егер бүлдіршініңіздің бой жазып, қоғаммен қарым-қатынасын дамытқыңыз келсе, балаңыздың топтық жұмысты меңгеріп, өмірге позитивті көзқараспен қарағанын қаласаңыз лагерге беріп, жазғы демалысын жақсы өткізуіне мүмкіндік жасаған абзал. Лагерде өздеріне жаңа жора-жолдас тауып, виртуалды өмірден тыс уақытын пайдалы дүниелерге арнайды. Демалыс орнында балаға деген ең қолайлы жағдайлар жасалған, таңғы жаттығу, 4-6 мезгілдік тамақ, күнделікті сауықтыру-сергіту іс-шаралары, бассейн, сыйлықтар мен жүлделі орындар қарастырылған.
Қала тұрғыны, психолог, 3 қыздың анасы Ляззат Аскербекқызы: «Мен қыздарыма ең есте қаларлық, қуанышқа толы бақытты балалық шақ сыйлау үшін ешқашан ештеңемді аяған емеспін. Қалалар аралап, экскурсияларға апарып, олардың еліміздің тарихын білу үшінде көптеген маңызы бар орындармен таныстырдым, тіпті шет ел асып, көрнекі жерлердің көрермені болдық. Қыздарым табиғаттарынан жасқаншақ емес, сол себепті олардың көп достары болу мақсатында осы Қызылорда қаламыздағы «Арай-Санрайс», «Қамбаш», «Сырдария» іспеттес тынығу лагерлеріне жыл сайын жіберіп отыратынмын. Тек қаламыздың ғана емес, сондай-ақ, қыздарым Көкшетау, Алматы, Шымкент сияқты өлкелерде де орналасқан демалыс орындарында болып қайтты. Қазір қыздарым студент, бойжетіп, ақыл тоқтатқан. Әлі күнге дейін сол шақтарын еске алып, осы уақытқа дейін достарымен хабар алмасып тұратынын айтып отырады. Айтқым келетіні, балаңыздың нағыз пісіп, көшбасшы болуға деген ынтасы дәл осы лагерлерде бейімделіп келеді. Еш қорықпаңыз, барлығы балаңыздың дамуы үшін» деп өз ойымен бөлісті.
«Жаздағы уақытты тиімді өткізу әр балаға маңызды. Жеткіншектің денсаулығы енді-енді қалыптастасып келе жатқан соң спортпен шұғылдану керек. Лагерде осы тарапта спорттық және өзге де балалардың бейімділігіне байланысты көптеген үйірмелер жұмыс істейді. Жаңа достар тауып, жаңа өнерге қызығушылығын арттырып, жан-жақты болуға тәрбиелейді», – дейді «Арай-Санрайс» балаларға арналған демалыс орталығының директоры, педагог Гүлжайна Болатбайқызы.
Әрбір бала – болашақ ел тірегі, сол себепті олардың игілігіне жасалған және жасалынатын әрбір шешім, жоспар, қадам маңыздылығын ешқашан жоғалпайды. Бақытты балалық шақты қайтадан оралту қолымыздан келмейді, бірақ бақытты шақтарды жасауға мүмкіндік бар.
Нұршат НЫШАНОВА,
Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың 1-курс студенті
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!