Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Балаларына дейін менің көтенімді күнтізбе қылып алыпты»

21.08.2025, 7:00 114

HALYQLINE.KZ

Баяғыда бір молда ел алдында оғаш қылық жасап, ұятқа қалады да, ауылдан көшіп кетеді.

Арадан он жыл өтеді. Сағынып туған жеріне оралғанда ауылдың шетінде ойнап жүрген балалардан жөн сұрайды. Бірі:

– Айтбайдың баласымын. Жасымды білмеймін. Баяғыда молда осырып қойған екен, содан кейін екі жылдан соң туыппын, — дейді.

Екіншісі:

– Мен де сол молданың осырғанынан кейін үш жыл жеті ай өткенде туғанмын, — деп жауап береді.

Үйіне көңілі қаяу қайтқан молдаға кемпірі:

– Елге барып шеріңді тарқатып қайттың ба? — десе, ол күрсініп:

– Елі де, жері де құрысын. Балаларына дейін менің көтенімді күнтізбе қылып алыпты, — депті.

Бұл әңгіменің түйіні: Адамның ел алдында істеген әрбір ісі халық жадында қалады. Жақсы істесең – құрметке, оғаш қылық қылсаң – күлкіге айналасың.

Ел  аузынан

 Көрнекі сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: