Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балалар тасымалымен айналысатын жүргізуші нені білуі керек?

06.10.2020, 17:00 890

HALYQLINE.KZ Бүгінгі күнге Қызылорда облысы көлемінде 667 мектепке дейінгі білім беру ұйымы, ал қала бойынша барлығы 235 ұйым тіркелген. Оның ішінде 203 – жекеленген балабақша, 32 мемлекеттік балабақша және 5 шағын мектепке дейінгі білім беру ұйымы.

Ақпарлы мерзімде облыс көлемінде балалардың қатысуымен 55 жол-көлік оқиғасы тіркелген, онда 8 жасөспірім қайтыс болып, 63-і түрлі дене жарақатын алған.

Осыған байланысты, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыр зардапты жол апаттарына жол бермеу мақсатында мектепке дейінгі мекемелерде және балабақшаларда балаларды тасымалдауымен айналысатын көліктерге қойылатын талаптар жөніндегі ақпарат:

ҚР Үкіметінің 13.11.2014 жылғы №1196 санды қаулысымен бекітілген «Жол жүрісі қағидалары» нормативтік құжатына сай, балалар тасымалдауымен айналысатын көліктерді сәйкестендіруге;

– «Балаларды арнайы ұстау құрылғысы немесе баланы қауіпсіздік белдігінің көмегімен отырғызып қоюға мүмкіндік беретін көлік құралының конструкциясында көзделген өзге де құралдар болмаған кезде, ал механикалық көлік құралының алдыңғы орындығында балаларды арнайы ұстау құрылғысы болмаған кезде тасымалдауға тыйым салынады»;

– «Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдау кемінде екі есігі бар автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерінде белгіленген талаптарға жауап беретін автобустармен жүзеге асырылады»;

– «Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустар сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталады. Бұл автобустардың алдында және артына «Балалар тасымалы» деген таным белгілері орнатылады»;

– «Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде жасы кемінде 25 (жиырма бесте), тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде 5 (бес) жыл еңбек өтілі бар жүргізушілердің тасымалдануына рұқсат етіледі»;

– «Автобус шанағында тасымалданатын балалардың саны орындық санынан аспауы тиіс» – делінген.

«Балаларды тасымалдауға арналған автобустар», Техникалық талаптар және сынау әдістері (ГОСТ 33552-2015) мемлекетаралық стандарты нормативтік құжатының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустар сары түсті болуы және онда 8 литрлік 2 өрт сөндіргіш құралы (огнетушитель), 2 дәрі-дәрмек қобдишасы болуы тиіс екендігі көрсетілген.

Көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 590-бабының 5-бөлігімен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқтыратынын ескертеміз.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: