Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балалар қандай тығырыққа тіреліп тұр

05.01.2026, 19:15 55

Бұлай деуімізге жасөспірімдердің суицит статистикасы себеп болды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті хабарлағандай, жыл сайын суицит жағдайы азаймай тұр. Ресми дерек аясында арнайы кесте дайындадық, назар салыңыз.

Мәселен, республика бойынша суицид фактілері 2023 жылы 203 жағдайға жетіп, ең жоғары көрсеткіш тіркелген. 2024 жылы бұл сан 174-ке азайғанымен, 2025 жылдың алғашқы алты айында-ақ 100 дерек тіркелуі – жыл аяқталмай жатып қауіпті межеге жақындағанын аңғартады. Ал суицид жасау әрекеттері тіпті алаңдатарлық. Егер 2021 жылы елде 372 әрекет тіркелсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 452-ге дейін өскен. 2025 жылдың алты айында 219 әрекет анықталған. Яғни, мәселе бәсеңдемей, керісінше тереңдеп бара жатыр.

Өңірлерді салыстырсақ, Түркістан облысы мен Астана қаласында көрсеткіштер айрықша жоғары. Кей аймақтарда суицид фактілері аз көрінгенімен, әрекеттер саны көп тіркелуі балалардың психологиялық дағдарысы ушығып тұрғанын көрсетеді. Қызылорда облысында суицид фактілері соңғы жылдары 6–8 аралығында тұрақтағандай көрінеді. Алайда 2025 жылдың алғашқы жартысында 6 жағдайдың тіркелуі – өткен жылмен бірдей көрсеткішке ерте жеткенін байқатады. Суицид жасау әрекеттері де қайта өсе бастаған. Жағдай ушығып кетпеу үшін, кешенді шаралар жүргізіліп, мектеп психологтарының жұмысын жүйелендіру керек. Әйтпесе, жағдай қиын.

Кестені дайындаған автор.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: