Еліміздің басты құндылықтарын құрметтеу – бәріміздің перзенттік парызымыз. Рәміздерімізді елдігіміздің ұраны, патриоттығымыздың бастауы, Отанымыздың мақтаныш символы ретінде танытуымыз қажет.
Осы орада, мейрамды Байқоңыр жұртшылығы ерекше салтанатпен атап өтті. Қаламыздың жастарымен мереке қарсаңында мемлекеттік рәміздерді ұлықтауға арналған Мемлекттік Гимнді бір мезетте орындау бойынша «Мемлекттік рәміздер – ұлттық мақтанышым» акциясы ұйымдастырылды.
Орталық алаңда ұйымдастырылған шараға 3000 оқушы қатысты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!