Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

БӘСЕКЕ немесе шаһар басшысының жамбасын жұрт қалай көрді?

04.11.2023, 11:00 287

HALYQLINE.KZ

Ағайынмен жиналғанда марқұм Тайманұлы Пірман жездемнің майын тамызып айтқан әңгіме, анекдоттары есіме түсіп отыр, соның бірін айтып берейін.

Ертеректе шаһар басшысына күннен-күнге байып бара жатқан бір тұрғынның үстінен көре алмаған пенделерден арыз түседі. Шаһар басшысы оны шақырып алып, «ақшаны қайдан тауып жатырсың?» деп қызғана, қызыға тергей бастайды. Ол «жасыратыным жоқ, кәсібім – «бәсеке» дейді. «Қалай сонда?». «Кәдімгідей елмен бәсекелесіп, ұтқан ақшама отбасымды асыраймын, қалғанын жаратамын» дейді. Басшы «күшті болсаң, мені ұтшы, көрейін сені» деген екен. «Онда бәсекелесейік, 10 долларға көзімді алып аузыма салам» депті. «Ол мүмкін емес, оңай олжа болды» деп келісе кетеді. Сөйтсе, бұл кісінің бір көзі алмалы-салмалы жасанды екен. Көзін қолымен алып, аузына салып та, 10 долларды қағып алады. Ұтылған шаһар басшысы «тағы бәсекелесейік» деп қоймайды ғой баяғы. Енді бәсеке қымбаттай түседі. «25 долларға құлағымды тістеймін дәл қазір» дейді. «Мүмкін нәрсе емес» деп басшы тағы да келісе кетеді. Қарап тұрса, бұл жолы ана кісінің тістері алмалы-салмалы екен. Ол жасанды тістерін алып, өз құлағын оп-оңай «тістей» салады. Әбден ұтылған шаһар басшысы қызығушылығын тежей алмай, «тағы бәсекелесейік» деп қоймайды. Қалай болғанда да ақшаны еселеп қайтаруды ойлап. Болмаған соң «Ертең түсте сағат 12-де майлы бөксеңіздің ұшына шиқан шығады» деп құтылмақшы болады қу тұрғын. Бәсеке мың долларға көтеріліп, қол алысады.

Оңай олжаға кенелетінін біліп шаһар басшысы түнімен көз ілмей, әйелі екеуі жамбасын сипалаумен болады. Он екіде шаһар басшысының екінші қабаттағы бөлмесінде екеуі кездеседі. Тұрғынның көңіл күйі жоқ, қалай да бастықтан құтылу керек. Шаһар басшысының жамбасын көреді, шынымен шиқан көрінбейді. Мүмкін емес, жарыққа терезенің алдына үстелге мінгізіп көрейік деп терезеге жамбасын жақындатып көреді. Олай-бұлай айналдырады, шиқанның ізі де жоқ болып шығады. Шалбарын мәз болып киіп жатқан шаһар бастығына «Бәсекеден бірінші рет жеңіліп тұрмын» деп мың долларын санап береді. Есікке жақындап қалған әлгі бәстен жеңілген кісі «Төменде терезе алдындағы жиналған қалың жұртпен «ертең сағат он екіде шаһар басшысының қасында болып, сендерге терезеден көтенін көрсетемін» деп түнімен шаһардың әр тұрғынымен мың доллардан бәсекелескенмін» деп, ақша жинауға түсіп бара жатыр дейді.

Марат  ОМАРОВ,

Сырдария  ауданы

Сурет  ашық  дерекөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: