Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауызсу сапасы – сала мамандарының күнделікті еңбегі

09.01.2026, 8:15 53

HALYQLINE.KZ

Қоғамның тыныс-тіршілігі кейде көзге көріне бермейтін, бірақ аса маңызды салалардың еңбегіне тікелей байланысты. Соның бірі – ауызсу мен кәріз жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Маржан Сырманова келіп, салада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

— Мен «Қызылорда су жүйесі» мекемесінде өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы қызметін атқарамын. Бөліміміздің негізгі мақсаты – ауызсу және кәріз су нысандарын үздіксіз сенімді әрі қауіпсіз сапалы ауызсумен қамтамасыз ету. Біз апаттардың алдын алып, инфрақұрылымды дамыту бойынша жоспарларды тізіп, солармен жұмыс істеп, жоба-сметалық құжаттарды әзірлейміз. 2004 жылы осы жұмысқа кірген кезде қаламызда 300-ге жуық ғана ауызсу жүйесі мен 200-ге жуық кәріз жүйесі болған. Қазіргі уақытта 1000 шақырымнан аса ауызсу жүйесі болса, оның 457 шақырымы кәріз жүйесін құрайды. Сонымен қатар, мекемеде базалық зертхана жұмыс істейді, онда күнделікті су сынамалары алынады. Бүгінде ұжымда 617 қызметкер жұмыс істесе, оның 400-ге жуығы – жұмысшы мамандар. «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында кәріз сумен жұмыс істейтін қызметкерлерге шипажайларға жолдама беріліп, айлық жалақысы 20 пайызға артты, — деді Маржан Сырманова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: