Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауылға интернет қашан жетеді?

28.04.2020, 10:08 569

Қазақстанда интернетті белсенді пайдаланушылар қатары артып келеді. Сондықтан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында желіні пайдаланушылардың үлесі 88%-ға дейін, ал цифрлық сауаттылық деңгейі 83%-ға жетеді. Бұл міндеттерді осы жылдың соңына дейін жүзеге асыру 5163 ауылдық елді мекенді кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде ауылдарда 7,6 млн астам адам онлайн білім алуға, телемедицинаға, мемлекеттік қызметтерге, электрондық саудаға қол жеткізеді.  

Төтенше жағдай кезінде интернетпен тұрақты түрде қамтамасыз ету мәселесі мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Қазіргі жағдайда интернет халықтың негізгі байланыс арнасына айналды, ол сондай-ақ электрондық сауда, онлайн-оқу, электрондық мемлекеттік қызметтер, денсаулық сақтау жүйесі, қаржы және экономиканың басқа да салаларында маңызды құрал болып отыр, – деді А.Мамин Үкіметтің селекторлық отырысында.

Үкімет басшысы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне байланыс операторларымен бірлесіп жоспарланған елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету жобаларын уақтылы іске асыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: