Бүгін облыс әкімі Қ.Ысқақовтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Аймақ басшысы 24 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалар туралы айтты.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы елдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға жыл сайын бөлінетін қаражаттың көлемінің артуына қарамастан, жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылығы үлесінің әлі де төмен (4,5% аспайды) екенін атап өтті.
Облыста өндірілетін жалпы ішкі өнімде ауыл шаруашылығының үлесі 2,5 – 4 пайызға артқан. Аграрлық секторды қолдауға 2019 жылы 14,3 млрд тг бөлініп, 2018 жылмен салыстырғанда 35% артып, салада өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім қалыптасқан.
Аймақ басшысы агроөнеркәсіп кешенін дамытуда қалыптасқан қарқынды төмендетпей, облыстың жалпы ішкі өніміндегі ауыл шаруашылығы үлесін одан әрі арттыру бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
«Үкімет отырысында Президент ауыл шаруашылығына қатысты, экспорт әлеуетін арттыру және азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі де толық шешілмегендігін атап өтті. Бұл бағытта да біздің өңірде пәрменді шаралар қолға алынуы тиіс «, – деді облыс әкімі.
Облысты 2019 жылдың 10 айында 25,6 млн долларды құрайтын 64,2 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталған. Оның ішінде өңделген өнім үлесі – 60,1 мың тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,1% артқан.
Аймақта іске асырылған және жоспарланған серпінді инвестициялық жобалар арқылы жергілікті өнімдердің үлесін арттыру және экспортқа бағытталған өнімдердің көлемін ұлғайту бойынша қажетті шараларды үйлестіру қажет. Сонымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша аймақ басшысы 2020 жылғы 31 наурызға дейін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия беру ережелерінің жиі өзгеру салдарынан мемлекеттік қолдау шаралары тиімсіз. Енді, агроөнеркәсіп саласында мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары мен қолдау тетіктерін Ауыл шаруашылығы министрлігі айқындайтыны айтылды.
Осы ретте өңір басшысы аймақтың ауыл шаруашылығы саласының ерекшелігі мен басымдықтарын ескеріп, бөлінетін тиісті қаражаттың уақытылы алынуын бақылауға алуды тапсырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!