Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауқаттылардың шығыны көбейеді

29.03.2023, 10:00 187

HALYQLINE.KZ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коттеджде тұратын адамдар үшін газдың бағасы жоғары болуы қажеттігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Жалпы, төмен тарифтер мен төмен бағалар экономикамызға теріс ықпал етеді. Бөлінген барлық субсидия көрші елдерге босқа кетеді. Қаншалықты қиын болса да, бұл мәселені біртіндеп шешу қажет. Басқа жол жоқ. Қазіргі уақытта зәулім үйлерін күндіз-түні төмен тарифпен жылытатындар үшін жаңа жүйе бойынша газдың текшеметрі қымбатырақ болуға тиіс. Әлеуметтік әділдік дегеніміз – осы», – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, күнделікті тұрмыста да, мемлекет деңгейінде де үнемдеп үйрену керек.

«Өндірісте де, тұрмыста да газды арзан екен деп бей-берекет жаға беруге болмайды. Мұны доғару керек. Үкімет Тауар газының энергетикалық тиімділігін арттыру және оны үнемді пайдалану жоспарын әзірлеуі қажет», – деп атап көрсетті Тоқаев.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: