Биыл Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 36 жыл толды.
Осыған орай, Қармақшы ауданында тағзым алаңында ауған жерінде қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасы өтті. Жиынға қатысушылар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқан жерлестеріміздің рухына құран бағыштады.
Тағылымды іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов сөз сөйлеп, ауған жеріндегі сұрапыл соғыстан елге аман-есен келіп, бейбіт күннің батырлары атанған олардың қаһармандыққа толы қайсар ерліктері бүгінгі жас буынға үлгі-өнеге болып қала беретінін жеткізді.

Сонымен қатар, бірқатар жауынгер ардагерлерге аудан әкімінің алғыс хаттарын және ауған соғысында қаза болған жауынгерлердің отбасыларына естелік сыйлықтар табыстап, құрмет көрсетті.
Кездесу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков ізгі лебізін білдірсе, аудандық Ауғанстан және аймақтық соғыс ардагерлері кеңесінің төрағасы А.Ерманов аудан басшылығына ризашылығын білдірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!