Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Атақты «Әйелім мен қайын енем» суреті туралы

15.05.2024, 10:10 273

HALYQLINE.KZ

«Әйелім мен қайын енем» – әлемдегі ең танымал оптикалық бейнелердің бірі. Оңтүстік Австралия университеті мен Флиндерс университетінің ғалымдар тобы «Бұл суретке қалай қарауыңыз жасыңызға байланысты» деген қорытынды жасады деп жазды «Business Insider».

Бір адамның бетінде екі адам, немесе ЖАС ӘЙЕЛ (артынан қараған адам оның мұрнын, бетінің бүйірін, құлағын, алқа таққан мойнын көреді) және КЕМПІР (бүйіріне қараған адам, екі көзі, мұрны, ауыз және иегін көреді) бар.

Зерттеуге 22 елден 18-68 жастағы (орташа жасы – 33) 666 адам (негізінен американдықтар – 393) қатысты. Алдымен оларға суретке мұқият қарауды және не көріп тұрғанын сұрады, «бұл жануар ма, адам ба?».

Егер адам көріп отырса, адамның жынысын нақтылап, егер дұрыс жауап берілсе (әйел), суреттегі адамның жасын айтуды тапсырған. Сауалнама нәтижесінде 30 жасқа дейінгі адамдар жас әйелді, ал 30 жастан асқандар егде жастағы әйелді алдымен көретіндігі анықталыпты.

«Әйелім мен қайын енем» алғаш рет 1888 жылы неміс ашықхатында пайда болды. Әзілқой суретшісі Уильям Эли Хилл 1915 жылы өз нұсқасын ұсынды. 1930 жылы психолог Эдвинг Боринг бұл суретті өзінің «Күмәннің жаңа бейнесі» атты мақаласында қолданып, кейін оны оқулықтарға жұмбақ оптика құбылысының мысалы ретінде жариялады.

Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: