Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Асыраушысынан айырылу жағдайында жәрдемақыны қалай алады?

03.02.2020, 9:49 855

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерiнiң құқығы бар. Бұл ретте отбасының барлық мүшелерiне ортақ бiр жәрдемақы тағайындалады.

❗️ Қайтыс болған адам бұрын жұмыс істеген болса, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында аударымы болса, жәрдемақы сол қор арқылы тағайындалады.

✅Жәрдемақы құжаттарын ХҚО арқылы рәсімдеу үшін төмендегі құжаттар топтамасы қажет:

• Жеке куәлік;

• Есепшот;

• Қайтыс болу туралы куәлік немесе сот шешімі (хабар-ошарсыз кеткені туралы);

• Неке куәлігі;

• Балалардың туу туралы куәлігі;

• 4-қосымшаға сәйкес балаларға оқу орнынан анықтама (арнаулы, жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқыса).

Маңызды❗️❗️❗️:

📌Ұсынылған құжаттардағы мәліметтер жеке куәліктермен сәйкес келу керек.

📌Құжат тапсырушы қолындағы құжаттардың дұрыстығына мән берген жөн.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Қызылорда облысы бойынша филилының

баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: