Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Астанада әйел жігітін «піштіріп» тастаған

23.01.2026, 18:15 57

HALYQLINE.KZ

Астанада 32 жастағы әйел қызғаныш салдарынан жігітіне ауыр дене жарақатын салған. Зардап шеккен 34 жастағы ер адам шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бұл оқиға туралы уролог дәрігер Жалғас Игембай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, ер адам ауруханаға ес-түссіз күйде, жағдайы өте ауыр халде түскен. Әйелдің сөзінше, жедел жәрдем қызметін өзі шақырған.

Дерекке сүйенсек, әйел жігіттің опасыздығы туралы білген соң оған ұйықтататын дәрі берген. Ер адам ес-түссіз жатқан кезде әйел пышақпен ауыр жарақат салған.

Дәрігердің мәліметінше, науқас медициналық мекемеге кеш жеткізілгендіктен, зақымдалған ағзаны қалпына келтіру мүмкін болмаған. Дегенмен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалған.

«Бұл – ойдан шығарылған оқиға емес, шынайы жағдай. Оқиға біраз уақыт бұрын болған», — деп жазды Жалғас Игембай.

Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: