Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аспалы көпірдің игілігін көретін күн алыс емес

18.08.2022, 9:50 496

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласынан кейінгі қала статусы бар аудан орталығында 40 мыңға жуық халық тұрады. Оның тең жартысынан астамы қаланы бөліп тұрған теміржолдың арғы бетінде, қалғаны бергі бетінде орналасқан. Әкімшілік орталықтар мен халыққа қызмет көрсету орындары орталық аймақта, яғни теміржолдың бір жақ беткейінен орын тепкен. Бүгінгі күні көлік қатынасы бір ғана теміржол өткелі арқылы жүргізілуде. Бұл өткел жабылған кезде 2-2,5 шақырымға дейін автокөлік кептелісі пайда болып, елді мекендерден келетін көліктер мен жедел жәрдем, өрт сөндіру, құқық қорғау органдары секілді кезек күттірмейтін қызметтермен қоса, тұрғындарға да үлкен кедергі келтіруде.

Осы орайда, Арал қаласындағы темір жол үстінен аспалы көпір салу құрылысына техника-экономикалық негіздеме мен жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін бюджеттен қаржы қаралып, қазіргі таңда бұл жұмыстар толықтай аяқталып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Жоба барысында көпірдің ұзындығы 940 метрді құрайтын болса, қосымша екі жағынан жаяу жүргіншілер жолы мен түнгі жарық шамдары және жақын жерде орналасқан тұрғындарға келеңсіз жағдай тудырмас үшін, дыбыс басқыш құрал-жабдықтарымен қамтылатын болады.Бүгінде жобаны қаржыландыру мақсатында тиісті салалық басқармалар мен министрліктерге бюджеттік өтінім тапсырылып, нәтижесі күтілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: