Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жыл басынан бері шекарада заңсыздық деректері тіркелмеген

18.08.2022, 16:45 393

HALYQLINE.KZ Биыл Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылғанына 30 жыл толды. 18 шілде – қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін күзетіп, бейбітшіліктің кепілі жолында қызмет етіп келе жатқан шекарашылардың төл мерекесі. Осы ретте өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік шекараны күзету бөлімінің аға офицері, майор Азамат Құмарбектің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

– Шекара қызметі құрылғалы салада көптеген жақсы өзгерістер болды. Еліміз тәуелсіздік алған жылдармен салыстырғанда қызмет көрсету тұрғысынан бастап, шекарашылардың әлеуметтік тұрғыдағы жағдайлары да біршама жақсы қалыпқа түсті. Бүгінде Қызылорда облысы аумағындағы шекара бекетінің аумағы барлығы 740-745 шақырымды қамтиды. 2021 жылдан бастап облыс аумағында атаулы шекара бекеттері орнатылған. Онда функционалдық қызметті жүзеге асыру үшін жаңа технологиялық құрал-жабдықтар қолданылады. Орнатылған камералардың көмегімен күніне 250-ге жуық фото-видео айғақтар бақылау пунктіне жіберіліп отырады. Осындай қырағылық пен күзет деңгейі қауіпсіздігі жоғары болғандықтан жыл басынан бері шекара аумағында ешқандай заңсыздық деректері анықталған жоқ, – деді А.Құмарбек.

Сондай-ақ, шекара бөлімшесінде қызметкерлер сырттан келетін көліктерді қатаң бақылауға алып, аймақ тыныштығын қамтамасыз етіп отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: