Ел арасында «Әскер қатарында неше түрлі келеңсіз жағдай, әлімжеттік болып тұрады» дегенді естіп жүрміз. Алайда, бес саусақтың бірдей еместігі тағы белгілі ғой. Біздің бүгінгі айтар сөзіміз осы бағытта өрбімекші.
Кеше Жанқожа батыр ауылының тұрғыны Мейрамбек Тілеубергенов досымнан бейнежазба келді. Онда Мәкеңнің бауыры Балғабек ағамыздың ұлы Ержан ініміздің әскер қатарында басынан өткерген көрініс бейнелініпті. Балғабектің үлкені ұлы Ернар Қарағандыда, кішісі Ержан Өскеменде Отан алдындағы әскери борышын өтеп жатыр. Ернар алдағы жылдың мамыр айында ауылға оралады деп күтілуде. Ержан болса мұнан бірер ай бұрын ғана әскер қатарына аттанды. Енді қолымыздағы бейнежазбаның мазмұнына тоқталсақ. Аталмыш бейнажазбада Балғабек ағамыздың 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында туған күні екендігі, соған орай қос мерекемен Өскемен қаласындағы әскери бөлімнің рота командирі бастаған Ержанмен бірге әскери борышын өтеп жатқан сарбаздардың Ержанның әкесі Балғабекке деген жылы лебізі жолданыпты. Әскер қатарына жуырда барған жас сарбаздың көңілін делбеген рота командирі мен серіктерінің жоғары парасатына сүйсіндім. «Адам адамға – дос, жолдас, бауыр» дегеніміз осы шығар.
Еріксіз толқи тұрып Балғабек ағамды мен де туған күнімен құттықтағым келді.
Төмендегі бейнежазбада Өскемен қаласындағы әскери бөлім жауынгерлерінің өздерінің қызметтестері, қатардағы жауынгер Ержан Балғабекұлының әкесі Балғабекті қос мерекемен құттықтау сәті беріліп отыр.
Аспанымыз ашық болғай. Қашан да жолың болсын, сарбаз!
Жұмабек Табынбаев,
Қазалы ауданы
https://www.facebook.com/100014439095130/videos/895329241975128
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!