Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада бойы 2 метр сарбаз борышын өтеп жүр

04.04.2022, 12:05 744

HALYQLINE.KZ Бойы 2 метр сарбаз Қызылордада әскери борышын өтеп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлім сарбаздарының бойы екі метр болса, аяқкиім өлшемі 45-47 см. Бойдың ұзындығы кедергі келтірмейді. Қайта спорттық нормативтер мен әскери міндеттерді орындауға, нысана көздеуге көмектеседі екен. Солардың бірі – Талдықорған қаласының түлегі, қатардағы жауынгер Константин Тарасенко. Сарбаз бүгінде Қызылорда қаласындағы 5547-әскери бөлімінде парызын өтеуде. Константиннің бойы – 2 метр, салмағы – 79 кг, аяқкиім өлшемі – 46.

Өзінің айтуынша, 9-сыныптан кейін Жетісу әлеуметтік-гуманитарлық колледжін бағдарламашы мамандығы бойынша бітіріп, Талдықорғанда графикалық дизайнер қызметін атқарған. Бір қызығы, анасының да бойы сондай ұзын екен.

Медкомиссиядан өткен кезде бойының ұзындығымен таңғалдырған Константин қазір әскери өмірге әбден төселген. Киімнен де еш мұқтаждық жоқ. Оған шақ келетін киім қоймада жеткілікті. Тоғыз ай бойы Ұлттық ұлан сапында жүрген К.Тарасенко әскери борышын өтеу әр ер азаматтың парызы деп санайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: