Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясының құрылғанына 26 жыл толу құрметіне орай және салауатты өмір салтын ұстану мақсатында гарнизонның әскери бөлімдері мен мекемелерінің әскери қызметшілер арасында шағын футболдан доп додасы мен теннистен жарыс болып өтті.
Жарыс өзі жолдастық сипат алғанымен алаңдағы тартыс тегеурінді болды. Мұндай жолдастық сайыстар әскери қызметшілердің ара қатынасының нығаюына әкеледі. Үздік үштіктің сапына кіруге деген құлшыныс пен жеңістің кубогына тартыс жоғары деңгейде болды.
Теннистен бас жүлдені Қызылорда аудандық пайдалану бөлімінің қызметкері Әмзе Дархан алса, шағын футболдан жүлделі кубоктыҚызылорда облысы қорғаныс істер жөніндегі департаментінің футбол коммандасы қанжығаларына байлады.
Марапаттау рәсімінде Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Бактияр Дауренкулов, мерекелік іс-шара көпшіліктің көңілінен шығып, жандарына жылулық сыйлап, таныстық артып, достықтың нығайғанын атап өтті.
– Әскери қызметкерлерімізспорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш.Спорт берік, мықты, күшті, қуатты, төзімді болуға көмектеседі, ең бастысы үнемі біріктіреді,- деді Бақтияр Дәуренқұлов.
Шара қорытындысында жеңiмпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және арнайы сыйлықпен марапатталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!