Қорғаныс министрлігі бірден бірнеше әскери қызметшінің қаза табуына байланысты ресми мәлімдеме жариялады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, Қарулы күштер басшылығы орын алған оқиғаның аса ауыр екенін және оған жүктелетін жауапкершіліктің толық көлемін түсінеді.
Министрлік мәліметінше, осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында бірқатар нақты шаралар қабылданды. Атап айтқанда, әскери бөлімдерде тәрбие жұмысы мен әскери тәртіпке бақылау күшейтіліп, жарғы талаптары мен қару-жарақпен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау талаптары қатаңдатылды.
Сондай-ақ барлық әскери бөлімдерге әрбір сарбаздың психологиялық жай-күйін кешенді түрде бағалау үшін арнайы комиссиялар жіберілді. Командирлер мен сержанттардың жеке жауапкершілігі арттырылып, әскери полиция тарапынан тексерулер жүргізілуде. Бұдан бөлек, бөлімдерде тәулік бойғы бақылау енгізіліп, әскери қызметшілердің туған-туыстарымен тұрақты бейнебайланыс орнатылды.
Қорғаныс министрлігі өңірлік «Шығыс» қолбасшылығының қолбасшысы, штаб бастығы және тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.
Ал әскери қызметші қаза тапқан әскери бөлімнің командирі, оның орынбасары және батальон командирі атқарып отырған қызметтерінен босатылды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!