Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының талаптарын жоғары деңгейде көтеру мақсатында және Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасының үйлестіруімен әскери бөлім мен мекемелерінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жарғыларын, Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын жан – жақты жеткізу және құқықбұзушылықтарды алдын алуға бағытталған бағдарламаны жүзеге асыруда арнайы іс-шаралар жүргізіліп келеді.
Әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығы мен мәдениеттілігін нығайту мақсатында – Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен «Өмірді сақта» ведомоствааралық бағдарламасы аясында жиын өтті.
Жиында ҚР ҚК Әскери полициясы органдарының негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Бөлімді өз бетімен тастап кетуді, әскери қызмет өткеруден бас тартуды және жалтаруды алдын алу», «Жарғы-әскери қызметтің қауіпсіздігінің кепілі» онкүндігі, «Заң және тәртіп» шарасы таныстырылды. Сонымен қатар отбасылық тұрмыстық жағдайда құқық бұзушылыққа бармауға, есірткі заттарын пайдаланбау, алкогольдік, құмар ойындарға әуес болмау, бұзақылық әрекеттерге бармау заңы түсіндірілді. Қызмет барысында өз өкілеттіктерін асыра пайдалану және әкімшілік құқықбұзушылық туралы қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерін жеткізу бойынша профилактикалық сабақ өткізілді.
Әскери қызметшілердің ең басты міндеті – қызметіне адал болу жалпы әскери жарғылардың талаптарын, өз Отанының патриоты болып, өзінің іс-қимылымен мемлекеттік биліктің беделін нығайту. Мемлекеттің мүдделерін қорғап, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтау, сеніп тапсырылған қаруды, әскери техниканы білуге және дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету міндеттеледі. Әскери мүлік пен басқа да материалдық құралдарды күтіп-ұстау, әскери қызметшілерді қауіптен құтқаруға, оларға сөзбен және ісімен көмектесуге, әрқайсысының ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, өзіне және басқаларға қатысты дөрекілік пен қорлауға жол бермеу қарастырылған. Әскери әдептілік және әскер қағидаларын сақтай отырып, барлық жерде өзін лайықты және абыроймен ұстау, әскери қызметте қырағы болу, әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттың талаптарын сақтау жауапкершілігі айтылды.
Жас әскери қызметшілеріміз әскери өмірде тәртіпке бағынып, кез-келген жағдайда антқа берік, досқа адал болуды үйренуде.
Қазіргі таңда, 66597 әскери бөлімде мерзімді әскери қызметшілер қатарынан іріктеліп қалған әскери қызметшілермен ұдайы түрде «Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгеде орындамау», «Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүрлеу», «Бастыққа қатысты күш қолдану әрекеттерi», «Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу», «Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету», «Қашқындық», «Әскери қызметті атқарудан жалтару немесе бас тарту» деректеріне жол бермеу бойынша психолог маманы және теолог мамандарын тарта отырып құқықтық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар, әскери қызметшілерге 2025 жылғы 5 айдағы орын алған қылмыстық және әкімшілік деректер бойынша сот қаулыларымен сот үкімдері жан-жақты таныстырылды.
«Әскери қызметші Қазақстан Республикасының қорғаушысы деген жоғары атаққа лайық болу. Қарулы Күштердің және өз әскери бөлімінің жауынгерлік даңқын, өзінің әскери атағын құрметтеуге, мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар бәрімізден өз ісімізге адал болу. Адалдығымызға күмән келтірмеуді, құқықбұзушылықтардан ада болуды талап етеді», – деді, Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы, майор Бақтияр Дәуренқұлов.
Бақтияр Дәуренқұлов,
Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі
әскери полиция бөлімшесінің бастығы, майор
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!