Қазақстан парламенті президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрт елге бітімгершілік әскерін жіберу туралы ұсынысын қолдады. Бұл туралы парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлім болды.
Дауыс беру қорытындысын мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жария етті.
«Сенаттың қатысып отырған 47 депутатының 47-сі, мәжілістің қатысып отырған 90 депутатының 90-ы қолдап дауыс берді», – деді Қошанов.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ миссияларына қатысу үшін Қазақстан қарулы күштері контингентін жіберу туралы ұсынысын бүгін, 19 қаңтарда парламент палаталарының бірлескен отырысында ішкі істер министрі Руслан Жақсылықов оқып берген еді.
БҰҰ-ның ресми сайтындағы мәлімет бойынша, бітімгершілік деп елдер арасындағы қақтығыстарды шектеу және реттеу үшін БҰҰ қолбасшылығымен көпұлтты күштерді қолдану айтылған. Бітімгершілік операциялар атысты тоқтату режимін орнату және сақтау және соғысушы тараптар арасында буферлік аймақ құру үшін бейтарап үшінші тарап ролін атқарады.
Сонымен қатар олар сайлау өткізуге және өлімге әкелетін миналарды залалсыздандыруға көмектеседі. Бітімгерлер жергілікті жерде бейбітшілікті қамтамасыз етіп жатқанда, БҰҰ делдалдары соғысушы тараптардың немесе елдердің басшылығымен кездесіп, бейбіт шешім табуға тырысады.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!