HALYQLINE.KZ Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан әскерилерінің қатысуымен Беларусьте өтетін ҰҚШҰ (ОДКБ) оқу-жаттығулары туралы журналистердің сұрақтарына жауап берді. – Ғаламторда Қазақстан бронды техника жіберді деген ақпарат жалған. қазіргі кезде барлық техника тұрақты орналастыру пункттерінде. Белоруське 11 адамнан тұратын жедел топ жіберілді. Тиісінше, бұл басқару органдарының жұмысы, - деді Жақсылықов. Қорғаныс министрі оқу-жаттығу жұмысы неліктен Украинамен шекарада өтіп жатыр деген сұраққа да жауап берді. – Жаттығудың Украинаға жақын орналасуының бізге қандай қатысы бар? Беларусь – ҰҚШҰ-ға мүше бейбіт мемлекет. Тиісінше, өтетін орын туралы алдын ала шешім қабылданады. Сондықтан оған күмән болмауы тиіс. Бізде ҰҚШҰ штаб-пәтері бар, онда бірлескен сабақтар, оқу-жаттығулар өткізу жоспарлануда және біз осы кестеге сәйкес жұмыс істейміз. Қазақстан өзінің барлық халықаралық міндеттемелерін орындайды», - деді ол. Аталған оқу-жаттығу жиынына Қазақстанның кей белсенділері қатыспағанын қалайды. Айтуларынша, Ресей жаттығу алаңында еліміздің 2-3 техникасын адамымен қоса жарып жіберіп, оны Украинаға жауып, бізді соғыс ошағына тартуы мүмкін. Құрығанда қару-жарақ апарудың амалы деп те санайтындар бар.
Министр Беларусь жерінде өтетін әскери жаттығуға қатысты пікір білдірді
29.08.2023, 13:46 351
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!