Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кімдер әскери қызметті кейінге қалдыра алады?

17.03.2025, 10:25 80

Қазақстанда кейбір азаматтарға заң бойынша әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылуы мүмкін.

Бұл туралы halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«2012 жылғы 16 ақпандағы “Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы” заңның 35-бабының 5-тармағына сәйкес, кейбір мамандық иелері уақытша әскерге бармауға құқылы»,- делінген Қорғаныс министрлігінің жауабында.

1. Мұғалімдер

Егер сіз мектепте, балабақшада, колледжде немесе балаларға қосымша білім беретін ұйымдарда педагог болып жұмыс істесеңіз, әскери қызметтен кейінге қалдырыласыз. Яғни, жұмыс істеп жүрген бүкіл кезеңде әскерге шақырылмайсыз. Бұл ауыл мен қаладағы барлық мұғалімдерге қатысты.

2. Ауыл дәрігерлері

Егер сіз медициналық білімі бар маман ретінде ауылдық жерлерде тұрақты жұмыс істесеңіз, денсаулық сақтау мекемелерінде қызмет атқарған барлық уақыт ішінде әскерден уақытша босатыласыз.

3. Азаматтық авиация қызметкерлері

Әуе кемелерінің ұшу экипажы мүшелері, сондай-ақ азаматтық авиация инженерлері, механиктері және техниктері әскерден кейінге қалдырылуға құқылы. Бірақ олар тиісті білімі бар және азаматтық авиация ұйымында жұмыс істеуі қажет.

4. Су көлігі қызметкерлері

Кемелер экипажының тиісті білімі бар мүшелері су көлігі ұйымдарында қызмет еткен бүкіл кезеңде әскерден кейінге қалдырылады. Бұл теңіз және өзен көліктерінде жұмыс істейтін мамандарға қатысты.

Еске сала кетейік, биыл елімізде 40 мыңнан астам азамат әскерге шақырылады.

2025 жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады, оның ішінде:

ҚР Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары – 700 адам;

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 80 адам;

ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 131 адам;

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі – 4 адам.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: