2024 жылғы 27 қыркүйекте Қызылордада Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен тағзым алаңында тәжік-ауған шекарасында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алу, ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Аталған рәсімге департаменттің басшылық құрамы, тәжік-ауған соғысының ардагерлері, Шекара қызметінің ардагерлері және «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубының жас тәрбиеленушілері қатысты. Сонымен қатар, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де Р.Батырханов туралы ғылыми конференция өтті.
Конференцияда Р.Батырханов жайлы деректі фильм көрсетіліп, батырдың жасаған ерліктері сөз қозғалды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!