Әскерлерде құқық бұзушылықтың алдын алуға бағыталған «Өмірді сақта» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және ҚР ҚК ӘПББ-ның 2025 жылғы ақпан айына арналған негізгі іс-шарасы өтуде. Жоспарға сәйкес 3 ақпан – 3 наурыз аралығында «Құмар ойынды тоқтату!» науқаны ұйымдастырылуда. Қызылорда гарнизонынын 10216 Д әскери бөлімінің жеке кұрам арасында құмар ойынды тоқтату, өз-өзіне кол жұмсаудың алдын алу жөнінде кездесу өтті. Сондай-ақ 2024 жылғы 9 кыркүйектегі «Ойын бизнесі», «Лотерея және лотерея қызметі туралы» заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген талаптар түсіндірілді.
Сонымен бірге, «Әскери қызметшілер арасында өзара қарым-қатынастардын жарғылық қағидаларын бұзу, күш қолданумен билікті асыра пайдалану», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық», «Сыбайлас жемкорлыксыз Армия» он күндігі өткізілуде. Акция аясында профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.
Бұдан баска есірткінің заңсыз айналымы, қызмет барысында, демалыс кезеңінде жазатайым окиғаларды болдырмау, жол қағидаларын сақтау мен қоғамдық орындарда өзін ұстауы айтылды. Әскери қызметке кір келтіретін теріс қылықтар үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылығы мен түсіндірме жұмыстарын сапалы ұйымдастыру бойынша жеке құрамға дәріс өткізілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!