Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Биыл көктемде 900-ге жуық сырбойылық азамат әскерге аттанады

18.03.2025, 8:50 59

HALYQLINE.KZ

Облыста көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды. Биыл көктемде 900-ге жуық сырбойылық азамат Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық қорғаныс істері жөніндегі депаратементі бастығының орынбасары Жасұлан Шаңқұлов айтты.

– 1 наурыз бен 30 маусым аралығында 18-27 жастағы 900-ге жуық қызылордалық азамат еліміздің Қарулы күштері мен әскери құрылымдарында қызметтерін өтейді. Нақтырақ айтқанда, 120-ға жуық азамат ҚР ҰҚК Шекара қызметіне, 430 азамат ҚР Қарулы күштерінің қатарына, 270-і Ұлттық ұланға жіберіледі. Сонымен қатар, 15-ке жуық сарбаз Мемлекеттік күзет қызметіне, ал 20-ға жуық азамат Төтенше жағдайлар министрлігіне жолданады. Қазіргі таңда ҚР ҰҚК Шекара қызметіне аттандыру жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша 80-ге жуық азамат әскери борышын өтеуге жөнелтілді. Айта кету керек, сарбаздардың мерзімді қызмет кезінде несие мерзімін 1 жылға тоқтатуға және білім беру секторында жеңілдіктер қарастырылған,- деді Жасұлан Бөгенбайұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: