HALYQLINE.KZ Қызылорда гарнизоны әскери бөлімінде оқу-материалдық базаны жаңарту, техникалар мен қару жарақтарды жазғы пайдалану кезеңіне ауыстыру бойынша жұмыстар басталды.
Қазіргі уақытта Қарулы күштерде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан армиясының жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмалары орындалып жатыр.
Әскери техника мен қару-жарақты жазғы пайдалану кезеңіне ауыстыру жұмыстары жеке құрамға қауіпсіздік шаралары ережелерін, қызмет көрсету тәртібі түсіндіруден басталды. Әскери қызметшілерге техникалық жұмыстар басталар алдында әдістемелік-нұсқаулық сабақтар өткізілді.
– Жоспарға сай өтетін жазғы кезеңге ауыстыру жұмыстары маңдызды шара. Ауысым жұмыстары барысында техникалар толықтай тексеріліп, анықталған ақаулары қалпына келтіріледі. Әскери техникаларды жақсы жағдайда ұстау әрбір әскери қызметшінің міндеті», – дейді әскери бөлім командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары подполковник Рахымжан Әнуаров.
Ауа мен отын сүзгілерін, техникалық бұйымдарды, жанар-жағар майлардың қысқы сорттарын жазғы түріне ауыстыру сияқты шаралары кезінде негізгі жүктеме механик-жүргізушілерге, барлық командирлер мен техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарлардың иығына түседі.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!