Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әскерде тағы бір сарбаз көз жұмды

28.01.2026, 9:45 27

Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаздың қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 27 қаңтар күні тіркелген. Тергеу нұсқасына сай, әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атып, қаза болған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін 23 қаңтарда Өскемен қаласындағы әскери гарнизонда да осыған ұқсас жағдай тіркелген. Ол кезде де сарбаз өзіне бекітілген қарудан оқ атып, көз жұмғаны хабарланған. Алайда марқұмның ата-анасы ресми нұсқамен келіспей, баласының өліміне қатысты өзге де себептер болуы мүмкін екенін алға тартқан.

Соңғы уақытта әскер қатарындағы өлім-жітім оқиғалары қоғамда алаңдаушылық тудырып отыр. Құзырлы органдар екі дерек бойынша да тергеудің жан-жақты әрі объективті жүргізілетінін мәлімдеді.

Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: