Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

1 наурыз – Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні

25.02.2026, 12:04 42

Арнаулы датаға орай сала мамандары өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында брифинг өткізіп, азаматтық қорғаныс жүйесінің қазіргі жай-күйі, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жөнінде мәлімет берді.

Брифинг барысында облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров биылғы Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні «Тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару» тақырыбымен өтіп жатқанын атап өтті.

– Азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі мақсаты – төтенше жағдайлардың салдарымен күресу ғана емес, ең алдымен олардың алдын алу. Қазіргі кезеңде су тасқыны, орман және дала өрттері, құрғақшылық, өндірістік апаттар сияқты қауіптердің артуы бізден жүйелі жоспарлау мен тұрақты мониторингті талап етеді. Осы бағытта өңірде бірқатар кешенді жұмыстар жүргізілуде, – деді ол.

Спикердің айтуынша, облыста су басу қаупі бар аумақтар тұрақты бақылауда ұсталып, инженерлік қорғаныс нысандары тексерілуде, ал құтқару бөлімшелері мен арнайы техникалар толық дайындыққа келтірілген.

– Тұрғындардың төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмін білуі, алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгеруі және жеке қауіпсіздік ережелерін сақтауы аса маңызды. Сондықтан білім беру ұйымдарында, мекемелер мен кәсіпорындарда оқу-жаттығулар ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары күшейтілді, – деді Бекболат Қайырбекұлы.

Сондай-ақ брифингте азаматтық қорғау саласында ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, еріктілерді тарту және ақпараттық түсіндіру жұмыстарын кеңейту мәселелері қозғалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: