«12 тамыз – Халықаралық жастар күніне» орай, бүгін, яғни 5 тамыз күнi жастар арасында денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қала және ауданның барлық емханаларында 18-29 жас аралығындағы жастарға профилактикалық қарап тексерулер бойынша ашық есік күні жүргізілуде.
Сонымен қатар, 5 тамыз күні қалалық мәдениет және демалыс саябағында кешкі сағат 17:00-19:00 аралығында «Дені сау жас – ел болашағы» ұранымен көшпелі форматта акция ұйымдастырылады.
Осыған орай, өңiрiмiздегi барлық жастарды медициналық мамандардан (жалпы тәжірибелік дәрігер, уролог, гинеколог, психолог, валеолог) кеңес алуға шақырамыз!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!