Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ашық есік күні өтті

28.02.2025, 16:05 52

HALYQLINE.KZ

1972 жылдан бастап Халықаралық Азаматтық қорғаныс күні атап өтіледі. 1 наурызда Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) құрылды. Қазіргі кезде аталмыш ұйымның құрамында 58 ел бар. ҚР Президентінің Жарлығымен еліміз ХАҚҰ Жарғысына қосылды. Аталмыш «Қазақстан Республикасының Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысына қосылуы туралы» заң 1997 жылдың 31 қазанында №182 санмен бекітілді.

Осыған орай Қызылорда облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының базасында «1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне» арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Ашық есік күні барысында құтқару жабдықтары, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар техникасының көрмесі өткізілді. Құтқару жұмыстары барысынан көріністер көрсетілді.

Ашық есік күнінде Қызылорда облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Жасұлан Түйменов құттықтау сөз сөйледі. Ашық есік күніне арналған іс-шараға мектептер мен колледждердің оқушылары, оңалту орталығының балалары, еріктілер және «Қызыл-Ай» қоғамының қызметкерлері қатысты.

Оқушылар құтқару киімдерін киіп көрді, кинологтардың жұмысымен танысты, құтқару жұмысы барысынан шеберлік сағатын өткізді.

Өңірлік  коммуникациялар  қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: