Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арман қанатындағы «Атамекен»

16.05.2025, 8:55 208

HALYQLINE.KZ

Биыл «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы өз қызметінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Осыған орай, Сыр елінде ерекше мәнге ие гала-концерт ұйымдастырылып, бүлдіршіндерге қуаныш пен шабыт сыйлады. Бұл туралы Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара барысында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов сөз алып, Мемлекет басшысы, Үкіметтің ерекше қолдауы мен облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тікелей бастамасымен өңірдегі білім беру саласында жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобалар туралы атап өтті.

Сондай-ақ, Шахмардан Байманов балалар ауылына облыс әкімі мен денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың арнайы құттықтауын табыстап, тәрбие ордасының ел болашағына қосып жатқан үлесіне жоғары баға берді.

Бұл құттықтаулар жылдар бойы балалардың жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан ұжымға үлкен рухани қолдау болды.

Гала-концерттің көркін қазақ эстрадасының жұлдыздары Жеңіс Сейдуллаев, Жеңіс Ысқақова және Толқын Забирова келтірді. Олардың әсерлі әндері мен шынайы тілектері кештің сәнін келтіріп, көрермендердің көңілінен шықты.

10 жыл ішінде «Атамекен» балалар ауылы талай баланың үмітін оятып, болашаққа нық қадам жасауына жол ашты. Бұл мерейтой – тек өткен жылдарды саралап, қуану ғана емес, алдағы биік белестерге деген сенімді де айқындайтын сәт.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: