Келесі жылдан бастап аудандық және ауылдық деңгейдегі архив қызметкерлерінің еңбекақысы 25%-ға көбейеді. Мәжіліс депутаттарының айтуынша, саладағы ең төменгі жалақы мөлшері шамамен 300 мың теңге болады.
Сонымен қатар, Алматы мен Астанадағы мемлекеттік архивтерге «ұлттық» мәртебе берілмек. Бұл өзгеріс ол жердегі қызметкерлердің айлығына оң әсер етіп, 1,75 коэффициентпен жоғары жалақы алуға жол ашады.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Менде бір сұрақ. Өзім аудандық(ауылдық)деңгейдегі архив қызметкері едім. Мына жерде 1.75 коэффициент бірден қосылады ма әлде бірнеше жылдар бойы ма? Сосын, 1.75 — бұл тек Алматы, Астана қызметкерлеріне қатысты ма, әлде барлық архив қызметкерлеріне ме?