HALYQLINE.KZ Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әскерінің Тәжікстан-Ауғанстан шекарасынан шығарылғанына 20 жыл толуына орай салтанатты шара өтті.
Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов тәжік-ауған шекарасындағы қақтығысқа қатысқан ардагерлердің ерлігі мен ел тәуелсіздігіне қосқан үлесі мәңгі есте қалатынын жеткізді.
– Ерлік пен отансүйгіштіктің жарқын бейнесін көрсете білген жауынгерлер қазіргі бейбіт өмірде де еңбекке араласып, 30 жылдық тарихы бар тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына елеулі үлесін қосуда. Бүгінгі шарада осы ардагерлерімізге құрмет көрсетіп жатырмыз. Қазақ қашан да батырларын ұлықтаған. Біз ешуақытта ел үшін жанын қиған ержүрек батырларымызды ұмытпауымыз керек, – деген Дәурен Оңғарбайұлы жауынгерлік борыштарын адал және өжеттікпен өтеген арыстарымызды келер ұрпақ ешқашан ұмытпау керектігін айтты.
Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов бір топ ардагерге аудан әкімінің «Алғыс хатын» табыстап, құрмет көрсетті.
Басқосуда облыстық тәжік-ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Орынбайұлы шекарада ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсеткен ардагерлерге жылы лебізін білдірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!