Аралар әлемінде тәртіп қатаң. Ережені бұзғандарға аяушылық болмайды. Ауыр жазаға тартылады. Ең қызығы, аралар арасында «маскүнемдік» кешірілмейтін күнә саналады. Қалайша дейсіз ғой?
Арақ ішсе, ара да оңбайды
Аралар күн ұзақ гүлден шырын жинап, тынымсыз еңбектенеді. Бірақ кейде олар ашыған бал шырынға тап болады. Бұл – ара үшін нағыз қасірет. Өйткені ашып кеткен бал шырынның құрамында спирт бар. Ал әлгі шырынды байқаусызда ішкен ара тепе-теңдігін жоғалтып, құлап-сүрініп, ұша алмай қалады. Егер ол ұяға дейін аман-есен жетсе, ең қорқыныштысы – сол. Себебі араның мас күйінде келуі – кешірілмес қылмыс. Ұяның қақпасын күзетіп тұрған қырағы сақшылар «ішіп келген» ұяласын бірден таниды. Есіктің алдында теңселіп, бағытынан жаңылған мас араны кіргізбек түгілі, басқаларға сабақ болсын деп аяусыз жазалайды. Күзетшілер мас араның аяғын, қанатын жұлып, ұядан аластайды. Бұл – олардың өзгермейтін заңы. Қанаттары бүтін болғанымен, аяқсыз қалған ара ұзаққа ұшып кете алмайды. Ол ұядан шеттеп, жалғыз қалып, көп ұзамай өлім құшады.
Айтолған Жүнісхан
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!