HALYQLINE.KZ Ауданымыздағы қуаңшылық мәселесіне орай осыдан бір апта бұрын жалағаштық жастардың «Жастардан жәрдем» атты акция аясында қолына орақ алып, шабындық жерлерден шөп ору жұмысына кіріскенінен хабардар болған едік. Кеше Жалағаш жастарының аманаты ауданымызға жетіп, орылған 650 бума пішен шөбі ауданға қарасты Аралқұм ауылына жеткізілді.
Ауданымыздың ерікті жастары арнайы жүк көліктеріне тиелген мал азығын түсіріп алу, үлестіру жұмыстарына жұмылдырылды. Жеткізілген шөп бірінші кезекте мал ұстап отырған тұрмысы төмен отбасыларға тегін үлестірілуде.
Қуаңшылық қыспаққа алған аралдықтарға қол ұшын созған Жалағаш жұртшылығына, осы шараға қолдау білдірген аудан басшылығына, жастарына және кәсіпкерлерге алғысымызды білдіреміз!
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!