2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық ету кезегі Қазақстан Республикасына өтті. Осыған байланысты мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев жыл соңына дейін Солтүстік Арал теңізін үлкен Аралдан бөлетін «Көкарал» бөгетін қайта жаңарту жұмысын аяқтау жоспарда бар екенін атап айтты.
Арал теңізі бассейніндегі аймақты оңалту мақсатында көгалдандыру жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінде үлкен Арал теңізінің тартылған аумағында 4,4 млн көшет отырғызылды.
2021-2024 жылдар аралығында 475 мың гектар жерге тұқым мен көшет отырғызылды. Биыл 428 мың гектарда көгалдандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осының нәтижесінде 2025 жылдың соңына қарай Арал теңізі табанын көгалдандырудың жалпы көлемі 1,1 млн гектарға жетуге тиіс.
Арал теңізінің тартылған аумағын көгалдандыру топырақ эрозиясының алдын алады және құмды, тұзды дауылдармен күресуге көмектеседі. Бұл аймақтың экологиялық жағдайын жақсартып, жергілікті тұрғындардың денсаулығын қорғайды.
Айдос Маратов,
белсенді жас
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!