Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақтөбедегі оқиға: кепілге алынған үш адамның екеуі көз жұмды

14.01.2025, 9:30 86

HALYQLINE.KZ

Ақтөбеде кепілге алынған үш адамның екеуі көз жұмды, деп хабарлайды 24KZ телеарнасы облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, кепілде болған адамдардың бірі ауруханаға тасымалдау кезінде, екінші адам операция үстелінде қайтыс болған. Ал үшінші жәбірленушіге дәрігерлер барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр.

Айта кетейік, 13 қаңтарда кешкі сағат 8-де «102» пультіне белгісіз біреу жеке үйлердің біріне кіріп, адамдарды кепілге алғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы, арнайы жасақ қызметкерлері, барлық шұғыл қызмет жедел жұмылдырылып, аудан қоршауға алынған.

Кепілге алынғандарды босату операциясы ұйымдастырылып, күдікті ұсталды. Қазіргі таңда бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Дереккөз: kaz.nur.kz

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: