Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ақшаны шешіп алыңыздар!» – Ұлттық банк түсініктеме берді

07.11.2024, 9:55 171

Соңғы уақытта 11 қарашадан бастап бүкіл банктер жаңа стандартқа көшеді. Төлем мен аударым жұмыс істемейді, қолма-қол ақша ұстап жүріңіздер деген хабар тарап жатыр. Бүгін Ұлттық банк осыған қатысты түсініктеме берді.

Айтуларынша, иә, барлық банктердің төлем жүйелеріне ISO 20022 халықаралық төлем хабарламалары форматы енгізіліп жатыр. Бұл жұмыстар қараша айының соңына дейін жүргізіледі.

Бірақ, бұл процестің карточкалармен жасалатын төлемге түк қатысы жоқ! Осылайша, халықтың төлем карталары, QR-кодтар, мобильді аударымдар, банкоматтардан қолма-қол ақша алу, ұялы байланыс төлемдері және басқа да төлемдер өзгеріссіз қалады.

t.me/atamekenbusiness_qaz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: