Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақсақ пен тоқсақ

26.08.2023, 13:00 414

HALYQLINE.KZ

Соғыстан ойсырай жеңіліп, тұтқынға түскен Сұлтан Баязидті Әмір Темірдің алдына алып келіпті. Баязидтің міні арқасы құныс (горбатый – тоқсақ) екен. Оны көрген Әмір Темір қарқылдап күліпті. Күлкісін жақтырмаған Сұлтан Әмір Темірге қарап:

– Дүние кезек деген, бүгін мен торға түскен тотықұстай торықсам, ертең менің басыма келген күн, сенің басыңа келмесіне кім кепіл? Жаныма жара салған күлкіңді доғарсаң еді!

Сонда Әмір Темір:

– Әй, Баязид сұлтан, сенің құныстығыңа күліп тұрған жоқпын. Сенің арқаң құныс болса, менің аяғым – ақсақ. Он сегіз мың ғаламды жаратқан патшалардың Патшасы, шебер Жаратушы «мына дүниенің жартысын мен сияқты ақсаққа, қалған жартысын сен сияқты тоқсаққа берсе, Жаратқан Жаббар Иеміздің алдында биліктің де көк тиын құны жоқ екен-ау» деп соған күліп жатырмын деген екен.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: