Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақиқат пен Есірткі

15.01.2025, 17:15 198

«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»


Ертеде бір ауылда Ақиқат есімді ақылды да мейірімді қыз өмір сүріпті. Ол әрқашан адамдарға көмектесуге, дұрыс жолды көрсетуге тырысыпты. Ауыл адамдары Ақиқаттың кеңестерін тыңдап, оның жанында өздерін жайлы сезінетін.

Бір күні ауылға бейтаныс қонақ келеді. Оның есімі Есірткі екен. Алғашында ол өте сүйкімді көрінген. Адамдар оған қызығып, тыңдауға асықты. Ол әркімге:

– Мен сендерге бақыт сыйлаймын! Сендерден тек денсаулықтарың мен ақшаларың керек, сонда өздеріңді ерекше сезініп, қиындықтарыңды мәңгілікке ұмытасыңдар! – деп уәде берді.

Осылайша бір күні ауылдың бір тұрғыны Есірткімен дос болуға шешім қабылдайды. Ол бастапқыда өзін тамаша сезініп, өзгелерге де:

– Бұл адам шынында да керемет, мен қазір ешнәрседен қорықпаймын, өмірім де айтарлықтай өзгерді!– деп мақтанып жүреді.

Алайда уақыт өте келе ол әлсірей бастады. Оның жүзі солғын тартты, денсаулығы нашарлап, күннен күнге өзгере бастап, жанындағы барлық достарын да тек Есірткіге айырбастады. Ақиқат бәрін байқап, бұл қонақтың шын мәнінде қауіпті екенін түсінді. Ол Есірткімен сөйлесуді жөн көрді де, оған келіп:

– Сенің сөзің әдемі, бірақ сенен алатын бақыт тек уақытша, осыны ұмытпа! – деп айтады.

Есірткі күлді:

– Мен оларға бақытты сезінуге мүмкіндік беремін. Ал одан кейінгісі менің шаруам емес!
Ақиқат батылдықпен былай дейді:

– Сенің орның бұл ауылда емес. Біз бақытты болуды тек жақсы істер мен шынайы достық арқылы үйренеміз. Сенің уақытша «бақытың» бізге керек емес! – деп ауыл тұрғындарының көзін өзінің шыншыл әрі дана ойымен ашады. Сол сәтте ауыл тұрғындары жиналып, Ақиқатты қолдайды. Олар Есірткіге:

– Сен бізге керек емессің! Біздің өміріміз өзіміздің қолымызда! – деп ауылдан қуып шығады.

Есірткіге ауылдан кетуіне тура келеді. Ал Ақиқат мен ауыл тұрғындары бақытты өмір сүру үшін денсаулықты, адалдықты және достықты таңдады.

Содан бері бұл ауылда ешқашан Есірткіге орын болған жоқ. Себебі ауыл тұрғындары салауатты өмірдің маңызын Есірткінің «бақытынан» жоғары қою керек екенін түсінді. Сол себепті де ауыл халқы бүгінгі күнге дейін бақытты өмір сүріп жатыр екен.

#есірткігеқарсы #противнаркотиков

Сансызбай Айсана Берікқызы,

Ыбырай Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейдің

9 «Ә» сынып оқушысы,

Қызылорда қаласы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: