Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақ қарға мен қара қарға

04.04.2026, 22:00 41

HALYQLINE.KZ

Кәдімгі қара қарға мейрамханаға кіріп келді.

Ішке кіргеннен кейін ол бір бұрышта отырған тәкаппар ақ қарғаны бірден байқады.

Түсі әдемі және тәкаппар.

«Менің қай жерім кем?»

Ол сөреге жақындап, әмиянын көрсетіп айғайлады.

«Қызметші! Мен осы мейрамханада отырған ақ қарғадан басқа барлық қарғаға тамақ сатып алғым келді».

Даяшы ақшаны алып, ақ Қарғадан басқа барлық қарғаға тамақ тарата бастады.

Ақ қарға қара қарғаға алғыс айтады:

«Раұмет сізге…».

Бұл сөзді жағымпаздану деп түсінген қара қарғаның кеудесі тіптен ісініп, қатты дауыспен:

«Қызметші! Ақ қарғадан басқа барлық қарғаға ең қымбат шарап пен тағы да молырақ тамақ бер! Ақшасын өзім төлеймін!».

Даяшы ақшаны алып, ақ қарғадан басқа барлық қарғаға тегін тамақ пен шарап бергенде, ақ қарға қатты дауыстап:

«Рақмет!»

Қара қарға:

«Мына ақ қарға не үшін алғыс айтып отыр? Мен осы мейрамханада одан басқа барлық қарғаны тамақтандырғанымда, тек сол ғана жалғыз өзі «рақмет!» дей береді, әлде ақымақ біреу ме?!».

Даяшы:

«Жоқ… Ол жай ғана осы мейрамхананың иесі ғой».

МОРАЛЬ:

Әлдебіреуді «есепке алмай», үнемі басқаларды жек көріп, МЕН деген аурумен ауырған болсаң, ең алдымен ӨЗІҢЕ зиян келтіресің деген салыстырмалы тәмсіл болса керек.

Аударған  Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Фото: Ашық дереккөзден

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: