Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Апельсиннен балалар жаппай уланып жатыр» – Басшылық түсініктеме берді

31.03.2021, 11:00 586

HALYQLINE.KZ Ақтөбенің бас дәрігері балалар апельсиннен жаппай уланып жатқаны жайлы желіде тараған ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

Ақтөбеде WhatsApp желісі арқылы «балалар жаппай апельсиннен уланды» деген ақпарат тарап кетті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Әлеуметтік желіде тараған хабарламада бейтаныс адам «мандарин, апельсин жемеңдер, Ақтөбеде мандарин, апельсиннен балалар өліп жатыр» деп мәлімдейді. Ол «балалардың ауыз қуысы уылып, жара болып, инфекциялық аурухананың іші науқасқа толды» екеніне де көпішікті сендірмек болады. Бұл хабарламадағы ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев жоққа шығарды.

«Балаларды емдейтін екі ауруханаға хабарласып, жағдайды білдім. Жаппай уланып, ем іздеп келген бала жоқ. Бұл – жалған ақпарат», – деді Исаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: